Қазақстанда жаздың үш айында 177 адам суға батып кетті. Оның 53-і – кәмелетке толмаған бала,- деп жазды Zakon.kz сайты. Қаза тапқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда шомылған екен. Көз жұмуға алып келген негізгі себептер – өз күшін асыра бағалау, суға мас күйде түсу және жүзу білмеу. Ал, балалар ересектердің қарауынсыз қалған. Құтқарушылар болса жазда 140-қа жуық адамды құтқарыпты. Оның 51-і – бала.
Аснурия Абдула