Құқық қорғау органдары

Ауыл тұрғынының көлігінен бесатар мылтық табылды

Солтүстікқазақстандық полицейлер 5-ші қыркүйектен бастап “Қару” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Акцияның алғашқы күндері-ақ бірнеше бұзушылық тіркелді. Аққайың ауданында тіркелмеген “ИЖ-34″ аңшылық мылтығы жергілікті шопан тұратын вагоннан тәркіленді. Осыған ұқсас факті Шал ақын ауданында да орын алды. Ал Мағжан Жұмабаев ауданында 2 жайт әшкереленді. Соның бірінде Нива” көлігінің салонынан бесатар мылтық табылды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Байболат Култанов