Қоғам

Туризмді дамыту

Жолдау жолдаған міндеттер. Президенттің биылғы Жолдауы елдің еңсесін көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Мемлекет басшысы өз сөзінде туризм саласын тілге тиек етті. Себебі, туризм – бүкіл әлемде дамуы жағынан дес бермей келе жатқан сала. Табысы да жоғары, ауқымы да кең. Облыстық мәслихат депутаты Наталья Аитова “өңірімізде бұл саланы дамытуға мүмкіндіктер көп” екендігін айтты.

НАТАЛЬЯ АИТОВА, облыстық мәслихат депутаты:

– Қазақстан халқына Жолдау – стратегиялық маңызды құжат. Президент барлық саланы қамтыды. Мемлекет басшысы бұл салада ауқымды жобаларды жүзеге асыру қажеттігін баса айтты. Мен біздің өлкемізде мықты жобалар іске асырылатынына сенімдімін. Өйткені, Солтүстік Қазақстанның мүмкіндігі жетерлік.

Мүмкіндіктер баруын бар. Бірақ, біз оны қаншалықты тиімді қолданып жатырмыз? Туристерге жағдай жасалған ба? Жасалса, сапасы қандай? Бұл – бүгінде көкейкесті мәселе. Болашақ педагог-М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенті Қазына Шорман жиі саяхаттайды. Елішілік турзимді дамыту үшін қызмет сапасын ғана емес, оның бағасын ретке келтіру қажет дейді. Өйткені, көбінің құны қалта қағады.

ҚАЗЫНА ШОРМАН, қала тұрғыны:

– Ең бірінішіден, бізде барлығы қымбат. Қонақ үйлердің бағасы да шарықтап тұр. Мысалы, Түркия еліне 350 мың теңгеге турмен қыдырып келуге болады. Ал, біздің елде отбасымен 350 мың теңгеге күштілеп демалу мүмкін емес. Ал, екіншіден, бұл саланың дамымауына – елімізде конкуренцияның болмауы себеп.

Бірақ, кейде тұрғындар табиғи байлықты қадірлей алмай жатады. Қоқыс тастап, тау-тасты ойып, өз атын жазып кететіндері де жетерлік. Қазына Шорман мемлекетіміздің дамығанын қаласақ, “Алғашқы қадамды өзімізден бастауымыз керек”,- дейді.

ҚАЗЫНА ШОРМАН, қала тұрғыны:
Тазалық әрбір адамның байланысты. Кез келген жерде қоқысты жинап үйренуіміз керек. Бірте-бірте солай дамиды. Яғни, барлығы адамның өзінен басталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласына қатысты 15 ірі жоба әзірлеу қажеттігін айтты.

 

Аснурия Абдула