Петропавлда тәртіпсіз самокат жүргізушілер ұсталып, 7-еуіне
хаттама толтырылды. Тамыз айының соңында “Жол қозғалысы туралы” заңға электр самокат жүргізушілеріне қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Алайда, ортақ тәртіпке бәрі бірдей мойынсұнар емес. Полицейлер құрықталған жетеуге ескерту беріпті, егер олар әкімшілік құқықбұзушылықты тағы қайталаса айыппұл салады. Тағы бір маңызды мәліметпен бөлісейік. Жыл басынан бері облыста 200-ден аса жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 28 адам қаза тауып, 327 жан жарақат алған. Апаттың негізгі себептері – жылдамдықты арттыру және рөлге шаршаңқы күйде отыру.