Қоғам

Биыл 400-ге жуық қандас елге қоныс аудара алады

Квота саны өседі. Биыл тағы 400-ге жуық қандас елге қоныс аудара алады. Бұл туралы informburo.kz порталы хабарлады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастарға 2023 жылға арналған квота санын арттыруды, ал қоныс аударушыларға арналған квота санын азайтуды көздеп отыр. Бұған себеп – жергілікті атқарушы органдардың сұранысы. Атап айтқанда, қандастарға арналған квота саны 1925-тен 2287-ге артады, ал қоныс аударушыларға арналған квота саны 6727-ден 6592-ге азаяды.

– Квота саны өзгереді

– Қандастарға арналған квота саны 1925-тен 2287-ге артады

– Қоныс аударушыларға арналған квота саны 6727-ден 6592-ге азаяды

 

Гульден Симбаева