Биыл қаладағы 17 мектеп пен 2 балабақшаға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 600 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жөндеу көрген нысандардың бірі – 27-ші орта мектеп. Білім ұясында 22 млн теңгеге кәріздік жүйе жаңартылды.
ГҮЛБАРАМ ИБРАЕВА, №27 орта мектебінің директоры:
– Жыл сайын мектепке келетін балалардың саны артып келеді. Биыл мектеп табалдырығын 75 оқушы аттады. Бізде барлығы – 540 оқушы бар. Мектепте 48 мұғалім жұмыс ісітейді.
Жалпы, биыл өңір мектептерінде 75 мың бала білім алады. Оның 7 мыңынан астамы бірінші сыныпқа аяқ басты.