Спорт

“Ринг патшасы-2023” турнирі мәресіне жетті

Қаламызда жексенбі күні бастау алған “Ринг патшасы-2023” турнирі мәресіне жетті. Дәстүрлі дода аясында Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген 47 ардагер боксшы күш сынасты. Жеңімпаздардың есімі белгілі. 63 келі салмақ дәрежесінде көкшетаулық Андрей Спиридонов жеңіске жетті. 69-да атыраулық Анұрбек Бекембаев мықты атанды. 75 килограмда арыстық Қанат Қарабаев қарсылас шақ келтірмеді. 81-де жаңаөзендік – Бақытжан Ысқақов, ал 91-де алматылық Хамзат Гелисханов алтыннан алқа тағынды. Жеңімпаздар медаль мен белбеуден бөлек, ақшалай сыйлық иеленді.

 

Ақжүніс Мұқатай