Экономика және қаржы

Қазақстандықтар жеке қажеттіліктері үшін банктерден 9 трлн теңгеге жуық несие алған

Қазақстанда бір айда тұтынушылық несиелеу көлемі 500 млрд теңгеге өсті. 2023 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша қазақстандықтар жеке қажеттіліктері үшін банктерден 9 трлн теңгеге жуық қарыз алған. Бұл бір ай бұрынғы көлеммен салыстырғанда 6 пайызға көп деп хабарлады LS порталы Ұлттық банкке сілтеме жасай отырып. Жыл басынан бері несие тұтыну көлемі 15,6 пайызға өскен. Банктен қарыз алғандардың басым бөлігі – алматылықтар, астаналықтар мен Шымкент қалаларының тұрғындары. Ал кәсіпкерлер тамыздың 1-індегі жағдай бойынша 11,7 трлн теңге несие рәсімдеген. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 6,25 пайызға көп. Кредиттік қаржы көбінесе шағын және орта бизнеске бағытталыпты. Соның ішінде өнеркәсіптің үлесі басым.
Банктен қарыз алғандардың дені – жаңағы аталған үш мегаполистің кәсіпкерлері.

 

Гульден Симбаева