Қоғам

Жаңа көпқабатты үйдің төбесінен су кірді

Жаңбырдан кейін жаңа көпқабатты үйдің төбесінен су ақты. Жағымсыз жағдай Горький көшесіндегі 16-ші үйде орын алды. Мәселенің мән-жайына қалалық әкімдік өкілдері түсініктеме берді. Онда техникалық қабаттағы суағарда белгісіз бір себептермен кінәрат пайда болғаны жазылған. Соның салдарынан баспанаға жауын өткен. “Альфа Север” серіктестігі суағарды қалыпқа келтірген. Кепілдік міндеттемелері негізінде мердігер компания барлық олқылықты дұрыстайды. Жалпы, бұл нысан 2022-ші жылы салынған. Абаттандыру жұмысы тамыздың ортасына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бірақ, “Энерджи-Тараз” серіктестігінің кестеден қалыс қалуына байланысты мерзім ұзартылған. Қазіргі таңда компания соңғы жұмыстармен айналысуда. Іс тындырылған соң пәтер иелері баспаналарына орналаса алады.

 

Алдияр Айтпаев