Қоғам

Облыс прокурорының орынбасары тағайындалды

Бас Прокурордың бұйрығымен облыс прокурорының орынбасары болып Александр Трикачев тағайындалды. Александр Владимировичтің осы салада 23 жылдық еңбек өтілі бар. Ол қызмет жолын Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымынан бастаған. Одан кейін Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарында да прокурор болып еңбек етті. Жаңа лауазымға тағайындалмас бұрын облыс прокуратурасында үкімдердің орындалуын қадағалау бойынша басқармасының бастығы лауазымын атқарды.

 

Гульден Симбаева