Ауыл шаруашылығы

Құрғақшылықтан зиян шеккен шаруалардың несие өтеу мерзімі ұзартылуы мүмкін

Жаңа астықты форвардтық сатып алуға 81 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы informburo.kz порталы хабарлады. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов “Бәйтерек” холдингіне құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың несиелері бойынша борыштарды төлеу мерзімін ұзартуды тапсырды. Қазіргі таңда бірқатар өңірде егін орағы басталып кетті. Сол себепті, үкімет тарапынан қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР Премьер-министрі:

– Мысалы, нарықтық бағадан 15 пайызға төмен бағамен 426 мың тонна дизель отыны бөлінді. 140 млрд теңге бюджеттік несие беру көзделген. Сондай-ақ, жаңа астықты форвардтық сатып алуға 81 млрд теңге бөлінді. Биыл мал азығын дайындауға арналған техника мен суару жүйелерін сатып алу үшін “ҚазАгроҚаржы” компаниясының жарғылық капиталын ұлғайтуға 20 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ, премьер-министрдің айтуынша бүгінгі таңда Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында мал азығын дайындау қарқыны жақсы. Қалған өңірлерде жұмыс баяу жүруде.

 

Гульден Симбаева