МТРА жаңалықтары

Қазақстанда құс еті өндірісі артты

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі күні республикада 69 құс фабрикасы бар. Оның 34-і – жұмыртқа, ал 29-ы ет бағытында жұмыс істейді. Сондай-ақ 6 бірдей асыл тұқымды өнім шаруашылығы құрылған. 2022-ші жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорындарда 288,7 мың тонна ет өндіріліпті. Бұл 21-ші жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артық. Дерекке сүйенсек, шығарылған жұмыртқаның да көлемі 4,4% көп. Құс фабрикалары тағамдық жұмыртқаның 75,3% өндіріпті. 24,6% жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. Ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 101% құрап отыр. Ағымдағы жылға келер болсақ, қаңтар-маусым аралығында Қазақстанда 165,2 мың тонна құс еті өндірілген. Өсім – 14,4%. Ал шығарылған жұмыртқа – 2,4 млрд дана.

 

Байболат Култанов