МТРА жаңалықтары

Елордада мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, несиелер бойынша ішінара кепілдік беру, өтеусіз мемлекеттік гранттар беру мен ақпараттық-кеңес беру қызметтері. Бүгінгі күні елдегі кәсіпкерлер осы және басқа да мемлекеттік қолдау түрлерін алуда. Олардың тиімділігін елордалық мамандар орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында талқылады.

НҰРБОЛ ЖАНАБЕКОВ, ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры:

– Қаржылық шаралардың ішінде субсидиялауға сұраныс көп. Олар екінші деңгейлі банктер беретін несиелердің құнын төмендету мақсатында беріледі. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша мемлекет 13,75% субсидиялайды, ал кәсіпкер 8% төлейді. Бұл – қалаларда. Ал ауылдарда – 7 пайыз. «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыра бастағалы кәсіпкерлердің 95 мың жобасы қаржыландырылды. Бұл бағытқа 7 трлн теңге берілді.

Өз ісін ашуға ниетті жандарға елде грантта да беріледі. 11 жыл ішінде мұндай мемлекеттік қолдауға 5600 адам ие болған. Бұл бағытқа 17,6 млрд теңге бағытталған. Қазір нәзікжандылар кәсіпкерлігін қолдау ісі де дамуда. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталықтары 5,5 мыңнан астам жанға қызмет көрсетті. Бейіндік палата мамандары қазір сұраныстағы мамандықтарды жіпке тізді.

АЙДАНА ТОҒЫЗБАЕВА, «Атамекен» ҚР ҰКП жұмыспен қамту мен шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаментінің директоры:

– SMM, массажист және визажист, тігіншілік, шаштараз, дәстүрлі қолөнер, кондитерлік және нан өнімдерін жасау бағыттары сұранысқа ие.

Қыз-келіншектер өз ісін ашу үшін кәсіпкерлер палатасы жанындағы мамандандырылған орталықтарда курстардан өте алады.

 

Алдияр Айтпаев