МТРА жаңалықтары

Әскери академияда «Үздік жүргізуші» және «Үздік БТР экипажы» анықталды

«Үздік жүргізуші» және «Үздік БТР экипажы». Жергілікті әскери академияның атыс алаңында әскерилер арасында ауқымды сайыстың 1-ші кезеңі өтті. Әскери қызметшілер қару-жарақ түрлерінен сынға түсіп, БТР-80 әскери техникасын жүргізу дағдыларын көрсетті. Жарысқа 21 адам қатысты. Нәтижесінде әскери академияның оқу үдерісін қамтамасыз ету батальоны автомобиль взводының аға маманы Тасболат Дусмогомбетов “Үздік жүргізуші” атанды. БТР экипаждары арасында 1-ші орынды әскери академияның оқу-жауынгерлік және оқу машиналары взводының аға сержанты Дархан Әлкенов иеленді. Байқау жеңімпаздары биыл қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысында өтетін республикалық әскери жарысқа қатысады.

 

Гульден Симбаева