Құқық қорғау органдары

Петропавлда қомақты сомамен дроппер ұсталды

Петропавлда 71 жастағы кейуананың үйінен дроппер 6 млн теңге алып кеткен.
Оны туысыңыз жол-көлік апатын тудырды, қылмыстық іс қозғамау үшін
қыруар қаражат қажет деген алаяқ жіберіпті. Әйел адам үйінде жиналып тұрған 13 мың долларын беруге келіскен. Криминалдық полиция қызметкерлері дропперді ұстады, ол 16 жастағы колледж студенті болып шықты. Аталған факті ҚР ҚК
190-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, алаяқтар өзінің қулығын іске асыру үшін осындай дроппер деп аталатын адам жібереді екен.

Еңбек Сембин, СҚО ПД бастығының орынбасары:

– Алаяқтарға көбінесе қарт адамдар сенгіш келеді. Мұндай жағдайларда азаматтарды қаржылық операциялар жасаған кезде асығыстық танытпауға шақырамыз. Осындай фактілер орын алса, бірден полицияға хабарласу керек. Уақытылы хабарласқан жағдайда қылмысты ізін суытпай ашудың мүмкіндігі арта түседі.