Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады

Кездесу барысында қазақстандық кинематографты дамыту перспективалары, креативті индустрия мамандарын оқыту, отандық киноконтентті ұлғайту және кинематографистерді қолдау үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды. Тимур Бекмамбетов басқа елдерде дәстүрлі бейіндегі мамандарды (мұғалімдерді, актерлерді, суретшілерді және басқаларды)қайта даярлау жөніндегі жобаны іске асыру, цифрлық шығармашылық индустрия мамандығы бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев “Кинематография туралы” Заңның осы саланы дамыту үшін жағдай жасайтын және шетелдік мамандарды тартуға мүмкіндік беретін маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, отандық киноны жаңғырту қажеттігіне назар аударды.