Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда өсімдік майының экспорты 30% – ға өсті

Қазақстанның отандық өндіріс есебінен күнбағыс майымен қамтамасыз етілуі өткен жылдың қорытындысы бойынша 131% – ға жетті. Бүгінде республикада 537 мың тоннадан астам май шығарған 54 кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы күнбағыс майының экспорты 230 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Импорт 100 мың тоннадан аспады. Айта кетейік, күнбағыс егістік алқаптары жылдан жылға кеңейіп келеді. Мысалы, 2022 жылы 1,09 млн га егілді, биыл 66,7 мың га артық.

Өнімділік те өсуде, өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,3 млн тонна күнбағыс жиналды, 2021 жылмен салыстырғанда 164 мың тоннаға өсті. Ішкі нарықтағы күнбағыс майының құны бағаны тұрақтандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес реттеледі, оған сәуір айында Ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктері мен майлы дақылдарды өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығы қол қойды.