Қоғам

СҚО-да халық саны 532 700 адамды құрайды

Солтүстік Қазақстан облысында халық саны 532 700 адамды құрайды. Теріскейліктердің 51 пайызы ауылда тұрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым аралығында өңірімізде 2791 бала туған. Аудандар арасында ең жоғары бала туу көрсеткіші Уәлиханов, Ақжар, Мамлют және Тайыншада тіркелді. Ал Есіл, Тимирязев және Аққайың көштің соңғы жағынан көрінді. Өлім-жітімге келсек, ағымдағы жылдың 6 айы ішінде аққайыңдар өлкесінде 2923 адам қайтыс болған. Негізгі себептер – қан айналымы және ас қорыту жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің аурулары, жазатайым оқиғалар, улану және түрлі жарақаттар.

 

Байболат Култанов