Құқық қорғау органдары

Петропавлда акцизделмеген 500 литр алкогольдік өнім тәркіленді

Полиция қызметкерлері Жас өркен ықшам ауданында заңсыз іспен айналысқан 19 жастағы жігітті анықтады. Жедел-іздестіру шарасы кезінде тәртіп сақшылары жігіттің көлікжайынан акцизделмеген жарты литрлік мың бөтелке арақ тәркілеп алды. Табылған өнімнің жалпы көлемі 500 литрді құрайды. Жігіттің айтуынша алкогольді сату үшін сақтаған. Учаскелік полиция инспекторлары аталған факті бойынша материал жинап, тәркіленген ішімдікті сараптамаға жіберді.

 

Акжунис Мухатай