Kurultai banner mobile

Қоғам

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде 4,5 тоннадан астам өнім сатылды

Өткен сенбі күні Петропавлда апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңке өтті. “Алтын Арман”, “Қызылжар Ақбастау” мен “Дария” сынды базарларға облыстың 5 ауданынан саудагерлер келді. Нәтижесінде 4 жарым тоннадан астам өнім сатылды. Жалпы, жыл басынан бері қалада 84 жәрмеңке өткізіліп, 143 тоннадан астам өнім сатылыпты. Мұндай шарада тауар құны нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен болатынын айта кетейік.

 

Ақжүніс Мұқатай