Қоғам

Баспана сатып алу көбейді

Қазақстанда баспана сатып алу көбейді. Биыл шілде айында осы бағытта жасалған келісімшарттардың саны 34 225-ті құрады – маусыммен салыстырғанда 14,5%-ға көп. Бұл туралы LS ақпараттық порталы хабарлады. Баспана алғандардың ең көбі Астана, Алматы мен Қарағандыда. Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ұлытау облыстарында пәтер азырақ сатылған. Ал сатып алу және сату операцияларының жылдық серпінін қарайтын болсақ, теріскей өңірі алдыңғы қатарда. Барлық көрсеткіштің 24,6% біздің облысқа тиесілі. Жалпы, сатып алушылар арасында қос бөлмелі пәтер қалағандар көп екен. Тағы бір тың дерекпен бөлісейік. Өткен айда елімізде жылжымалы мүлік бағасы төмендеді. Баспаналар 0,1%-ға арзандапты. Шілдеде елдегі үйлердің бір шаршы метрінің құны орташа есеппен 486,2 мың теңгені құраған. Бірақ, жылдық көрсеткіш бойынша тұрғын үйлер 4,3%-ға қымбаттаған.

 

Алдияр Айтпаев