Аптадағы маңызды жаңалықтар

Министр кәсіпкерлермен кездесті

Жұмыс сапарымен келген Ұлттық экономика министрі алдымен Жұмысшы кентіндегі тозығы жеткен көпірдің жағдайымен танысты. Мәселені біржақты ету үшін Универсальная көшесі арқылы өтетін жаңа көпір салынбақ. Мердігер компания – «Бука» ЖШС. Ал жоба құны 6 млрд теңгені құрайды. Бұдан соң, Әлібек Қуантыров 2-ші жылу электр орталығына бет алды. Қазір мұнда жаңа құбырды салу жұмыстары жүріп жатыр. Істі қыркүйек-қазан айларына дейін аяқтау жоспарлануда.

ОЛЕГ ПЕРФИЛОВ, “СевКазЭнерго” АҚ бас директоры:

– Биіктігі 180 метр, тәулігіне 2,5-3 метрден салудамыз. Қалған құбырлардың биктігі 150, ал бұл 180 болады. Келесі жылы бұл құбырды іске қосамыз деп отырмыз. Ал екінші түтін құбыры пайдаланудан шығарылып, бөлшектеледі.

Тағы бір маңызды нысандардың бірі – “ЗЕЛЕНЫЙ СЕВЕР” ЖШС-нің жылыжай кешені. Жобаға құйылған инвестициялар 7 млрд теңгеден асады. Жылыжай кешенінде Петропавл мен көршілес Ресейдің сөрелеріне жөнелтілетін қияр, қызанақ және салат жапырақтарын өсіру жоспарланып отыр. Кешен жылдың соңына дейін тапсырылмақ. ЖЭО жанында заманауи жылыжайлар пайда болады. Жоба бойынша қазандықтардан бу құбырлар арқылы тікелей нысанға жеткізіледі, бұл дақылдарды өсіру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

ДӘУРЕН ҚАТРАНОВ, “Радуга” ЖШС директорының орынбасары:

– Біз шағын жеке индустриялық аймағымызға инфрақұрылымның барынша көп санын әкелдік және инвестициялық жобаларды іске асырып жатырмыз. Бұл аймақ үшін маңызды жұмыс. Бу кеңестік кезеңде қолданылған. Осыдан кейін бұл іс тоқтап қалды. Біз өткен жылы Сатжан Әйтенұлының қолдауымен бірге жұмысты бастап, бу тарифін белгіледік.

Бұдан соң, министр жергілікті бизнес өкілдерімен кездесіп, азаматтар түйткілді мәселелерін ортаға салды. Нұрмырат Мұзарапұлы – «Сапа Инвест Плюс» ЖШС директоры. Ер адам Мамлютка қаласында ДСП және ламинатталған ДСП жасайтын зауыт салған. Алайда, нысандағы инфраструктура мәселесі әлі күнге дейін түпкілікті шешілмегенін айтуда.

НҰРМҰРАТ МҰЗАРАПҰЛЫ, «Сапа Инвест Плюс» ЖШС директоры:

– Свет жағын, жаңағы водопровод бар еді. Соны бір жылдай болды проектісын жасатып, мемлекеттік сараптамадан өткізіп жібергенбіз. Соның ақшасы түспеді әлі күнге дейін. Мен соған қарап зауыттың оборудованиесін әрі қарай жылжытып, оны проверять етіп отыру керек қой. Соған тоқтың күші жетпейді. Ақша түспеді дейді сіздерден.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Сапа Инвест Плюс, 98 млн иә? – 98 млн, иә. -Аха, тоқ желілері иә? -Тоқ желі және водопровод. -Аха жақсы. Қарастырамыз.

Бұдан бөлек, басқа да бірқатар мәселе ортаға салынды. Қуантыровтың айтуынша кәсіпкерлерді толғандырып жүрген сұрақтардың әрбіреуі тиісті шешімін табады.

 

Алдияр Айтпаев