Облыста 21 колледжде 30 мамандық бойынша дуалды оқыту әдісі қолға алынған.
Тың оқыту жүйесімен 2 жарым мыңға жуық студент қамтылған. Колледждер мен кәсіпорындар арасында дуалды оқыту аясында мыңнан астам келісім шарт жасалған.
“Еңбек” бағдарламасының 1-ші бағыты негізінде 14 мамандық бойынша 9 колледжден 800-ге жуық студент білім алып жатыр. Биыл 300-ден жас тиісті оқытудан өтіп, 200-ге жуығы жұмысқа орналасқан.