Қоғам

Қазақстанда автокөлікпен бензин мен дизель экспорттауға салынған тыйым мерзімі тағы ұзарды

Қазақстан бензин мен дизельді сыртқа автокөлікпен тасымалдауға тағы 6 айға тыйым салды. Энергетика, Қаржы және Ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті “ҚР аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы” бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz. Бірлескен бұйрық 2023 жылдың 14-ші тамызында күшіне енеді. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 20-шы қаңтарында дәл осындай бұйрық күшіне еніп, 1-ші тамызға дейін мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынған болатын.

 

Аснурия Абдула