Экология

Питное көлінде 100 келіден астам балық қырылып қалды

Облыста ірі көлемде балық қырылып қалды. Жамбыл ауданындағы Питное көлінен 100 келі балық өлі күйінде табылды. Оның дені – алабұға мен мөңке.
Экологтар мен балық шаруашылығы инспекциясының мамандары судан сынама алды. Сондай-ақ, өлі күйінде табылған балыққа да зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл оқиғаға не түрткі болғаны анықталған соң себебі жария етіледі. Жергілікті ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері қырылып қалған балықты жинап, оны жою жұмыстарын ұйымдастырып жатыр.