Қоғам

eGov.kz порталында жаңа қызметтер пайда болды

eGov.kz порталында жаңа қызметтер пайда болды. Енді қате есептелген зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары қайтаруға болады. Ол үшін жұмыс беруші eGov.kz порталында өтініш беруі керек. Мұндай қызмет жеке кәсіпкерлер болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі. Қаражатты қайтару үшін бір өтініште тек 10 қызметкердің аты-жөні ғана көрсетіледі.

РОСТИСЛАВ КОНЯШКИН: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы:

– Қате аударымдар немесе МЗЖ мен ӘА сомасын қате аудару фактілері жиі кездеседі. Бұған дейін бұл қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының орталық филиалы арқылы қағаз түрінде көрсетілген. Өңірлерде қазақстандықтар үшін мұндай мүмкіндік болған жоқ, ол кезде құжаттарды курьерлік қызметтер арқылы жіберіп бір айға дейін жауап күту керек болды. Осындай факторларды ескере отырып, біз ҚР Еңбек министрлігімен бірлесіп бұл қызметті онлайн форматқа ауыстырдық және ақшаны қайтару рәсімін әлдеқайда жеңілдеттік.

 

Алдияр Айтпаев