Қоғам

“Бірыңғай терезе” қағидаты бойынша 2 мыңға жуық адам қандас мәртебесін алды

ҚР СІМ шет елдердегі мекемелері арқылы “қандас” мәртебесін алу үшін пилоттық жобаны жүзүге асырды. Соның шеңберінде “бірыңғай терезе” қағидаты бойынша 656 отбасындағы 1997 этникалық қазақтан өтініштер қабылданды деп хабарлайды ҚазАқпарат порталы. Өтініштерді қабылдап алған жергілікті атқарушы органдар оларды қарастыруы және тұрақты қоныстану орны, жұмысқа орналасу және өңірлік квотаға енгізу бойынша ұсыныстарын беруі тиіс. Қандастардың өтініші өңірімізге жіберілді. Сондай-ақ, өзгерістер тек құжаттарды қабылдаудың жаңа форматына ғана емес, қоныстану механизміне де қатысы бар. Енді қандастар үкімет айқындаған өңірлерге қоныстандырылады.

 

Гульден Симбаева