СҚО әкімдігі

Рүстем Құрманов – СҚО әкімінің орынбасары

Кадрлық өзгеріс! Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Рүстем Құрманов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 42 жастағы азамат – Ғабит Мүсірепов ауданының тумасы. Ол бұған дейін «ҚазАгро» холдингі басқармасының төрағасы, Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, вице-министр қызметін атқарған. Айта кетейік, жақында Дәурен Жандарбек аймақ басшысының орынбасары қызметінен кетті.

 

Байболат Култанов