Kurultai banner mobile

Қоғам

Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы көбейіп барады

Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы жыл басынан бері 12 жарым пайызға немесе 44,3 млрд теңгеге өсті. Бұл туралы LS ақпараттық агенттігі Ұлттық банкке сілтеме жасай отырып хабарлады. Биылғы 1-ші шілдедегі жағдай бойынша банкке кешіктірілген берешек көлемі 399,1 млрд теңгені құрады. Соның 166 млрд теңгеден астамы – алматылықтарға, 34-32 млрд теңге шамасындағы қарыз шымкенттіктер мен астаналықтарға тиесілі. Ал Түркістан, Павлодар мен Абай облыстарының тұрғындарының екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына берешегі жалпы алғанда 3 млрд-тан басталып 5 млрд теңгеден асады.