Қазақстан жаңалықтары

Конституциялық сот Президенттің өтініші бойынша Парламент қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексерді

Тексеру нәтижесінде Конституциялық сот заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы заңды Конституцияға сәйкес деп таныды. Сот шешімінде заң сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимылға байланысты халықаралық нормаларды ескеретіні атап өтілген. Заңның мақсаты активтерді қайтару және оларды Қазақстандағы заңды айналымға тарту, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру болып табылады.