Экономика және қаржы

Қазақстанда екінші деңгейлі 9 банкті тарату жоспарлануда

Қазіргі таңда Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Жақын келешекте оның 9-ы таратылуы мүмкін. Құжат жобасын әзірлеуші Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі болып табылады. Қоса кетейік, өзгерісті қоғамдық талқылау 26-шы шілдеге дейін жалғасады. Тарату процесінде тұрған банктердің тізімімен Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының сайтына кіру арқылы танысуға болады.

 

Байболат Култанов