Кредитке берілетін қаржының өсуіне байланысты қалталы азаматтар банктерден жаппай несие алуда. 1-ші маусымдағы жағдай бойынша шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіру 6,9 трлн теңгені құраған. Жылдың басында бұл көрсеткіш 6,1%-ға төмен болғанын хабарлайды LS порталы. Қомақты қаражаттың 5,1 трлн теңгесі – шағын, ал қалғаны орта бизнеске бағытталды. Салалар бойынша кредиттің басым бөлігі өнеркәсіп пен саудаға берілді. Өңірлер ішінде Алматы қаласы көштің басында тұр. Ал тізім соңына Ұлытау облысы жайғасқан.
Алдияр Айтпаев