ТЖ

М.Жұмабаев ауданында астық қоймасы өртенді

Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Медвежка ауылындағы астық қоймасынан өрт шықты. Қызыл жалын 630 шаршы метр аумақты шарпыды. Қойманың төбесі мен дәнатқы жанып кеткен. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 2,5-3 сағатта ауыздықтап, сөндірді. Өрт сөндіруге 13 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Ешкім жарақат алған жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Самал Жунусова