Қоғам

“AMANAT” партиясының облыстық филиалында – жаңа басшы

“AMANAT” партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы болып Жеңіс Асанов сайланды. Жеңіс Мұхтарұлы Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдады. Жаңа лауазымына дейін ол Солтүстік Қазақстан облысының жобалық басқару орталығының бөлім басшысы болған. Сондай-ақ, “Бизнес-Тайм” серіктестігінің коммерциялық директоры, “Қазпромстрой” компаниясының директоры, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарған. Оның кандидатурасына аймақтық филиалдың Саяси кеңесі бюросының мүшелері бірауыздан дауыс берді. Айта кетсек, Жеңіс Асанов ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған Әсем Рахметованың орнына келді.

 

Самал Жунусова