Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің отырысын өткізді

Іс-шара елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі сын-қатерлерін талқылаудан басталды. Отырыс  барысында энергетика саласын дамыту мен тарифтік саясатты талқылауға көп көңіл бөлінді. “Жайлы мектеп” және “ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” сияқты ұлттық жобаларды әзірлеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ денсаулық сақтау инфрақұрылымын кешенді дамыту мәселесі қаралды.