Қоғам

Шілденің 1-інен Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысын тоқтатады

Қазіргі таңда елімізде 207 жұмыспен қамту орталығы бар. Аталған ұйымдар шілденің 1-інен бастап Мансап орталықтары болып қайта құрылады. Сонымен қатар, елде 20 Еңбек мобильділігі орталығы ашылмақ. Бұл туралыбейінді министрліктен хабарлады. Еңбек мобильділігінің негізгі міндеті – өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыру. Халықты өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету. Бұдан бөлек тағы бірнеше функция жүктелген. Айта кетейік, аталған жаңашылдық қызмет сапасын артыру мақсатында қолға алынып отыр.

АСҚАР НИЯЗОВ, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры:

– Жаңа орталықтар осы функцияларды іске асыру үшін өңір аумағында жұмыс істейтін еңбек нарығының барлық институттарын белсенді түрде тартады. Өз кезегінде мансап орталықтары қалалар мен аудандардағы еңбек мобильділігі орталықтарының филиалдары болады. Жаңа орталықтардың негізгі міндеті – ұлттық еңбек нарығының көрсеткіштерімен ұштастыра отырып, жергілікті ерекшеліктерді ескеріп, өңірлік жұмыспен қамту саясатын іске асыру.

 

Гульден Симбаева