Спорт

Теріскейлік Данияр Жарасов кикбоксингтен өткен әлем кубогында топ жарды

Будапешт төрінде солтүстікқазақстандық атой салды. Маусымның 16-сы мен 19-ы аралығында Венгрияда кигбоксингтен ерлер арасында әлем кубогы өтті. Жаһандық жарыста ел құрамасы сапында жерлесіміз Данияр Жарасов өнер көрсетті. Байрақты бәсекеде теріскейлік саңлақтың бабы мен бағы қатар жанды. Тепсе темір үзер жігіт 54 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Жалпы, бұл додадан ел қоржынына 6 алтын, 11 күміс және 8 қола түсті.

 

Алдияр Айтпаев