Білім

41 оқушы IQanat олимпиадасының финалына жолдама алды

Солтүстікқазақстандық 41 оқушы IQanat олимпиадасының финалына жолдама алды. Білім бәсекесіне елдің түкпір-түкпіріндегі 166 ауданнан 37 мың оқушы қатысқан. Оның ішінде 800-ден астамы алға суырылып шығып, шешуші кезеңге қатысуға мүмкіндік алды. Республикалық білім додасы Елорадада өтеді. Жеңімпаз атанған 120 оқушы жоғары технологиялармен қамтамасыз етілген “IQanat High School of Burabay” мектебінде тегін оқи алады.

 

Аснурия Абдула