Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы министрі бұқа мен қойды экспорттауға квота енгізді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бұқа мен қойды экспорттауға шектеу қойды. «ҚазАқпараттың» дерегінше, Қазақстаннан шетелге, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге 60 000 тірі ірі қара малды және 120 000 қой мен ешкіні сатуға 6 ай мерзімге квота енгізілді. Бұйрықта көрсетілген шектеуден артық тұяқтыларды экспорттауға тыйым салынады. Жаңашылдық 23 маусымнан бастап күшіне енеді.

 

Байболат Култанов