Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғам

Жалпыұлттық аза тұту күні

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы алапат өрттен адамдардың қайтыс болуына байланысты бүгін елімізде жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Тарих беттерін парақтайық. 2023-ші жылдың 12-ші маусымында Қазақстан өз тарихында 12-ші рет Аза тұтып отыр. Бұған дейін “Қаңтар оқиғасы” құрбандарын еске алып, қабырғамыз қайысқан болатын.

Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты күллі Қазақстанда көк туымыз төмен түсірілді. Елдің де еңсесі түсті. Мұндай сәтте бұқараға бірлік қажет. Жұдырықша жұмылып, көмек қолын созсақ қана шығыстағы жағдай тұрақталады. Жақынынан айырылғандардың қайғысы сейіледі. Бұл – «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлының пікірі.

ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы:

– Бұл – Абайдың жері. Абай басқан жер өрттеніп жатқан кезде әрбіріміз бейжай қарамай мұсылмандығымызды, қазақилығымызды дәлелдеу керек. Діни басқармада Зекет қоры ашылды. Жиналған қаражат зардап шеккен жандарға таратылады. Қызылжарлық бауырларымызға үндеу тастаймыз. Осы іске ат салысайық!

Зекет және қайырымдылық қорына жомарт жандар экранда көрсетілген реквизиттер арқылы ақша аудара алады.

 

Байболат Култанов