Қоғам

Қазақстанда құрылыс материалдары қымбаттауда

Қазақстанда құрылыс материалдары қымбаттауда, деп хабарлайды LS ақпараттық порталы. Соңғы 1 жыл ішінде баға 5,3% артқан. Статистикаға сүйенсек, ескерткіштерге арналған тастар мен әктас 32,3% қымбаттапты. Отандастарымыз әк пен гипске, бетоннан жасалған бұйымдарға, қиыршық тас, құм, саз, керамикалық плиткалар мен ағаш материалдарына да қалтадан көбірек ақша шығаратын болған. Ал шыны парақ, бояулар мен лактар, темір, шойын, болат және ферроқорытпалар сынды дүниелер керісінше арзандаған. Өңірлерге келетін болсақ, ең қымбат тауар – Ұлытау облысында. СҚО – тізімнің соңғы жағында. Теріскейде құрылыс материалдары 1 жылда 3% қымбаттаған.

 

Байболат Култанов