Қазақстан жаңалықтары

Астанадағы халықаралық волонтерлер форумы 34 елден делегаттарды жинайды

Өткізілетін іс-шара Қазақстандағы волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау тәжірибесін ұсынуға және елдің оң имиджін нығайтуға бағытталған. Халықаралық ұйымдардың өкілдерін қосқанда 400-ге жуық делегат қатысады деп күтілуде. Форумға 10 сессия, жұмыс отырысы және пікір алмасу сессиясы кіреді.

Іс-шара аясында Халықаралық еріктілер орталығы ашылып, Зерендегі жазғы Еріктілер мектебі өтеді.