Аптадағы маңызды жаңалықтарСҚО әкімдігі

СҚО-да егіс жұмыстары аяқталды

Үкімет отырысында сөз сөйлеген Айдарбек Сапаров өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы биыл 4,5 млн гектарды құрағанын атап өтті. Соның 3 миллионына дәнді дақыл, 960 мың гектарға майлы, 355 мыңға жемшөп егілді. 2023 жылы айналымға қосымша 90 мың гектар тартылды. Әртараптандыру аясында жасымықтың егістік алқаптары 100 мыңға дейін, күнбағыс 125 мың гектарға, қыша 12 мың гектарға дейін ұлғайды.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен молайту үшін қарақұмықтың алқабы 3 есеге, картоп, сәбіз және қырыққабат алқаптары 2 есеге ұлғайтылды. Бұл шаралар өңірдің қажеттілігін толығымен жабуға мүмкіндік береді. Агротехникалық шараларды жақсарту шеңберінде биыл 180 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығын 3-5 центнерге өсіруге мүмкіндік береді. + 1,33 Егіс науқаны қолайлы агротехникалық мерзімде өткізілді. Бүгінде егін алқаптарында шаруашылықтар химиялық өңдеуге кірісе бастады.

Биыл көктемгі дала жұмысын іске асыру үшін 74 мың тоннаға жуық арзандатылған дизель отыны бөлінді. Егіс науқанына 15 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Жыл басынан бері өңір аграрийлері қосымша 21 млрд теңге сомасына 1100-ге жуық техника мен жабдық сатып алды.

 

Байболат Култанов