Қазақстан жаңалықтары

Елордада жаһандық прогресті іздеу үшін үкіметтерді, бизнесті және академиялық қауымдастықты біріктіретін халықаралық форум өтеді

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров форум тұжырымдамасы төрт негізгі жаһандық мәселені шешуге бағытталғанын айтты: сыртқы саясат, қауіпсіздік және тұрақтылық, энергетика және климат, экономика және қаржы. Брифинг барысында ол форум үкіметтердің жоғары деңгейдегі делегаттары, халықаралық ұйымдар, бизнес және академиялық орта арасындағы диалог пен шешімдерді іздеу алаңы ретінде қызмет ететінін атап өтті.

Форумның жоғары лауазымды қонақтарының қатарына Катар Әмірі, Қырғызстан Президенті, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы, ЕҚЫҰ Бас хатшысы, Халықаралық Валюта Қорының Басқарушы директоры, ЮНЕСКО Бас директоры, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және т.б.   бірқатар тұлғалар қатысады.