Қазақстан жаңалықтары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік Туды көтерудің салтанатты рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік Туды көтерудің салтанатты рәсіміне қатысты.

Құрметті қарауыл ротасының бастығы Президентке рәсімге дайындық туралы баянат берді. Содан кейін Мемлекеттік Әнұран шырқалып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтерілді. Жиналғандарға арнаған сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер егемендік пен мемлекеттіліктің жарқын бейнесі екенін атап өтті. Президент мәлімдегендей, Мемлекеттік рәміздер Қазақстан халқының тарихын, өзіндік ерекшелігін және болашаққа деген жарқын ұмтылысын бейнелейді.

“Олар Қазақстанның барлық азаматтарын біріктіретін, біздің жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын орасан зор энергияға ие. Үлкен мерекелер мен спорттық жеңістер кезінде біздің жүрегімізде Отанға деген сүйіспеншіліктің жалыны күшейе түседі”, – деп атап өтті Президент.

Қорғаныс министрлігі мен ішкі істер министрлігінің құрметті қарауыл ротасының соңында Президент пен салтанатты шараға қатысушылар алдында салтанатты шеру өтті.