Қазақстан жаңалықтары

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған “Ауыл-ел бесігі” жобасының нәтижелерін ұсынды

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған “Ауыл-ел бесігі” жобасының нәтижелерін ұсынды.

Ағымдағы жылы 800 ауылда 1,8 мың жобаны іске асыруға 200 млрд теңге бөлінді. Осы қаражаттың 222 жобасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, 421 жоба – әлеуметтік инфрақұрылымға, ал 1168 жоба – көлік инфрақұрылымына жатады.

Сондай-ақ, Министр Павлодар және Ақтөбе облыстарында жобаны сәтті жүзеге асырудың мысалдарын келтірді, ауылдық елді мекендердің тартымдылығын жақсарту үшін, мемлекеттік инвестициялар айтарлықтай жеке инвестициялар тартты.