Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің екінші кездесуіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық Кеңес Президентінің екінші кездесуіне қатысты. Мемлекет басшысы бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіске қарамастан, Орталық Азия елдерінің өңірішілік диалогты күшейтуіне байланысты қанағаттанушылық білдірді.

Ол бұдан әрі атап өткендей, Қазақстанда трансұлттық корпорацияларды қоса алғанда, Еуропалық капиталдың қатысуымен үш мыңнан астам компания жұмыс істейді. Сөз сөйлеу барысында Қазақстан үшін ғана емес, өңірдің барлық елдері үшін стратегиялық маңызы бар ынтымақтастықтың басым бағыттары ұсынылды. Бірінші кезекте Президент тауар айналымының ұлғаюына тоқталды. Оның пікірінше, сауда номенклатурасын кеңейту есебінен экспортты ұлғайту басым міндет болып табылады. Екінші басымдық көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту деп аталды. Энергия ресурстарын тасымалдау бағыттарына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, өзара іс-қимылдың басымдықтарының қатарында климат және “жасыл ауысу”сияқты салалар аталды.

Өз сөзінің соңында Қазақстан Көшбасшысы ҚР сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету мен ауқымды демократиялық қайта құруларды іске асыруда ЕО қолдауына жоғары баға берді.