Қазақстан жаңалықтары

Astana Hub және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссия әйелдерді it-дағдыларға оқыту бағдарламасын іске қосады

Astana Hub және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссия әйелдерді it-дағдыларға оқыту бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаға қатысушылар no code School, Freelance School курстарын және компьютерлік сауаттылық негіздерін оқи алады.

Оқыту 1 тамызда онлайн-форматта қазақ және орыс тілдерінде басталады және вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер және Q&A-сессияларды қамтиды.

Бағдарлама жұмыссыз әйелдерге IT дағдыларын алуға көмектесуге арналған.