Қоғам

“Болашақ” бағдарламасы аясында 500-ден астам стипендия бөлінді

Елімізде 260-тан астам мамандық сұранысқа ие. Маусымның 5-інен бастап “Болашақ” бағдарламасы аясында стипендияға құжат қабылдау басталады. Бұл -биылғы 3-ші лек. Жастар өтінімдерді 7 шілдеге дейін eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жіберулері қажет деп хабарлайды халықаралық бағдарламалар орталығы. Бұдан кейінгі өтінімдер 17-ші шілде мен 15-ші қыркүйек аралығында қабылданады. Бағдарламаның шарттары да өзгерген. Енді конкурсқа шетелдік жоғары оқу орны немесе академиялық оқуға гранты бар үміткерлер де қатыса алады. Ескере кететін жайт, “Болашақ” бағдарламасы аясында білім алушылардың шығынын мемлекет өтейді. Сондай-ақ, еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқарады. Айта кетейік, биыл осы жоба аясында оқуға түскісі келетін жандар үшін 555 стипендия бөлінді.

 

Гульден Симбаева