Қазақстан жаңалықтары

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.

“Бүгін саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Аштық жылдары-ұлт тарихындағы ең қорқынышты кезеңдердің бірі. Сондықтан сол жылдары қаза тапқан халқымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық”, – деді Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов.

Қазақстан Президенті 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өзінің твиттерінде хабарлама жариялады.

“Бүгін біз саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына құрмет көрсетеміз. Тоталитаризм қылмыстары халқымыздың   санасында терең із қалдырды. Барлық жазықсыз зардап шеккендерге қатысты әділеттілікті қалпына келтіре отырып, тарихтың осы қараңғы беттерін зерттеуді жалғастыру маңызды. Біздің әрқайсымыздың міндетіміз – өткеннен сабақ алып,   болашақта мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Біз ата-бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек “, – деп жазды Президент.